Сегізбаев Жұмағали 1866 жылы дүниеге келген. Қазы, имам-молда, партияда жоқ, бұрын сотталмаған. Орта діни білімі бар, Батыс Алашорда мүшелерімен ниеттес болғаны үшін 1937 жылы 13 қарашада РСФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, тұтқындалған. 1937 жылы 15 қарашада Батыс Қазақстан облысы НКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, үкім орындалған. 1989 жылы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ақтаған (БҚО ПД архиві, Қуанай Қосдәулетов ісінде №П-2451 ісі).
Сегізбаев Жұмағали
- Аты-жөні: Сегізбаев Жұмағали
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ