Сейтов Қоныспай (дүниеге келген-дүниеден озған жылы белгісіз) – қазақ, байдың баласы. Тұтқындалған кездегі қызметі – БҚО Жаңақала ауданында маслопром инструкторы (нұсқаушы). Батыс Алашорданың белсенді мүшесі Жанғазы Рахметов ісіне байланысты Алашордамен ниеттес, антисоветтік ұлтшыл террорист топтың мүшесі деген айып тағылып, 1938 мамырда тұтқындалған. Орда ауданынан бірқатар шенді тұлғамен бірге сотталған. Бұдан әрі мағлұматтары сақталмаған (БҚО ПДА, №П-2209 іс).
Сейтов Қоныспай
- Аты-жөні: Сейтов Қоныспай
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ