Сұлтанов Мырзахмет 1887 жылы дүниеге келген. Бұрынғы бай және бітімгерлік соттың сенімді аудармашысы. Алашорда мүшесі. 1930 жылы барлық мал-мүлкі тәркіленіп, өзі 5 жылға еңбекпен түзету лагеріне қамалған. Белсенді бүлікші а/с үгіт-насихат жүргізді деп айыпталған. РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, өзіне тиесілі мал-мүлкі тәркіленген. (Дело №2455 по обвинению Зап.Каз.ОУНКВД). (БҚО ПД архиві).
Сұлтанов Мырзахмет
- Аты-жөні: Сұлтанов Мырзахмет
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ