Сұлтанғалиев Ақмұхан 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді. «Алашорданы қолдаушы, ұлтшыл» деп 1938 жылғы 29 қаңтардағы Орынтай Қазиевтің айыптау парағында айтылады. Шыңғырлау аудандық есеп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Оған 1937 жылы бұрынғы алашордашылар Ж. Утарбаев, Қ. Бектұрғанов, С. Құрмановтармен бірге антисоветтік-ұлтшыл, контрреволюциялық топ құрды деген айып тағылған. 1938 жылы 3 сәуірде БҚО Шыңғырлау аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1939 жылы 3 сәуірде қылмыстық дәлелдердің жеткіліксіздігіне орай ақталған (БҚО ПД архиві, №983 істе).
Сұлтанғалиев Ақмұхан
- Аты-жөні: Сұлтанғалиев Ақмұхан
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданының Қарасу ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ