Сүйегенов Қарабас 1907 жылы БҚО Тайпақ ауданының №5 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, қызметі – халықтық судья. Батыс Алашорда жетекшілерімен байланыста болғаны үшін антисоветтік диверсиялық-террористік ұлтшыл ұйымның мүшесі ретінде 1938 жылы 3 сәуірде БҚО Шыңғырлау аудандық РО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 26 шілдеде БҚО Арнайы коллегияның шешімімен сотталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылған. ЕТЛ-ға қамалған. 1939 жылы 11 қарашада БҚО НКВД тарапынан істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған. Бірақ кейін қайтадан тұтқындалған. Бұдан кейінгі тағдыры белгісіз. (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, А. Ізбасаров ісі бойынша).
Сүйегенов Қарабас
- Аты-жөні: Сүйегенов Қарабас
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №5 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ