Суйенбаев – қазақ, білімі орташа, ауқатты. Батыс Алашорданы қолдаушы. «Жаңалы» ауылында мешіт ұстап, бірнеше жыл бала оқытқан. Қарашығанақ бастауыш мектебінің мұғалімі. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Суйенбаев
- Аты-жөні: Суйенбаев
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ