Суенчалиев (Сүйіншәлиев) Махмуд 1873 жылы дүниеге келген, дүниеден озған жылы белгісіз, мешіттің имамы, діни қызметкер ретінде халық арасында зор беделге ие болған, Алашорданы қолдаушы. Қылмыстық істе «бай, атқамінерлердің қарсылық қозғалысын ұйымдастырушы, Кеңес үкіметінің төменгі әкімшілік мекемелерін, шөп-шабындықтарын басып алған, рулық, ұлтараздықты өршітіп, кеңестердің ауылдардағы жүргізіліп отырған іс-шараларына қарсылық көрсеткен, ол үшін қазақ кедейлерінің діни сенімдерін пайдаланған» деген айыптар тағылған. 1938 жылы 25 қыркүйекте Орал губерниясының ОГПУ-ы тарапынан тұтқындалған. 1929 жылы 18 қаңтарда РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, 3 жылға жер аударылған. 1999 жылы 27 шілдеде Алматы облыстық прокуратурасы ақтаған (БҚО ПД архиві Ю. Чангереев ісінде).
Суенчалиев (Сүйіншәлиев) Махмуд
- Аты-жөні: Суенчалиев (Сүйіншәлиев) Махмуд
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ