Супығалиев Тілекқабыл 1898 жылы БҚО Фурманов ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, қызметі – партком хатшысы. Батыс Алашорданың әскери жасағында болған. Қылмыстық істе «бывший бандит» деп жазылған. Тұтқындалған кезде Жаңақала ауданының «Жаңа жол» колхозында партком хатшысы қызметін атқарған. 1937 жылы 27 желтоқсанда Алашорданы қолдаушы, антисоветтік террористік ұлтшыл ұйымының мүшесі деген айыптар тағылып, тұрқынға алынған. 1938 жылдың 15 ақпанында БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1966 жылы 15 қарашада Орал облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының анықталмауына байланысты ақталған. (БҚО ПДА №П-2209 іс).
Супығалиев Тілекқабыл
- Аты-жөні: Супығалиев Тілекқабыл
- Туған жері: БҚО Фурманов ауданының Қарасу ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ