Сыиков Мұхамеджан 1898 жылы БҚО Жаңақала ауданының Жорта ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді. Алашорда жетекшілерімен тығыз байланыста болған. 1937 жылы 31 қазанда Қарағанды облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. Тұтқындалған кезде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында Кувский аудандық НКВД бөлімінде қызмет жасаған. 1938 жылы 13 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1959 жылы 10 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві).
Сыиков Мұхамеджан
- Аты-жөні: Сыиков Мұхамеджан
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының Жорта ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ