Тайманов Абдулла 1902 жылы БҚО Казталов ауданындағы Молотов атындағы колхозда дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – колхозшы. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында қызмет жасаған, Алашорда жетекшілерімен тығыз байланыста болған. 1937 жылы 11 желтоқсанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-7, 58-9, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1989 жылы 6 маусымда БҚО прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві Үштіктің хаттамалары).
Тайманов Абдулла
- Аты-жөні: Тайманов Абдулла
- Туған жері: БҚО Казталов ауданындағы Молотов атындағы колхоз
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ