Тайманов Ахмет Бекжанұлы (дүниеге келген-дүниеден өткен жылы белгісіз.) – Алаш қозғалысының өкілі. 1906 жылы Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірген. 1917 жылы Ақпан төңкерісіне дейін Жымпиты уезіне қарасты Соналы болысында бала оқытқан. Алашорда үкіметіне мүше болып, қаражат бөлімін басқарған. Ж.Досмұхамедовпен тығыз байланысып, оның сеніміне кірген. Большевиктерге қарсы күреске белсене қатысып, Алашорда әскерімен Елек уезіндегі Алмаз, Григорьевский, Лубенский және Успен елді мекендеріндегі Қызыл әскерлерге қарсы шыққан. Алашорда халық сотының мүшесі болған. Кеңес өкіметі тұсында Елек уезі 5-бөлімшесінің халық соты қызметін атқарған. Ә.Бөкейхановпен тығыз байланыс ұстаған. Ауыл шаруашылығы банкі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған (БҚО ПД архиві).
Тайманов Ахмет Бекжанұлы
- Аты-жөні: Тайманов Ахмет Бекжанұлы
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ