Таңқыбаев Әбуғали (Абильгали) 1903 жылы Гурьев облысы Жылықос ауданының (Жилокосинский район) Доссор ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, жоғары білімді, қызметі – мұғалім. Алашорда әскери жасағының командирі, далалық офицер. 1938 жылы 10 ақпанда Гурьев облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. Тұтқындалғанға дейін Атырау облысы Тандай ауылында орта мектептің мұғалімі қызметін атқарған. 1938 жылы 14 ақпанда Гурьев облыстық УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілді. Үкім орындалған. 1957 жылы 24 қаңтарда Гурьев облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары, БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 61-п.).
Таңқыбаев Әбуғали (Абильгали)
- Аты-жөні: Таңқыбаев Әбуғали (Абильгали)
- Туған жері: Гурьев облысы Жылықос ауданының (Жилокосинский район) Доссор ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Иә