Тастенов Асым (Асим) 1906 жылы Орал облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, Батыс Алашорда әскери жасағына көмектескен, алашордашыларды қолдаған. Тұтқындалған кезде Алматы облысы Іле ауданы Қапшағайда төраға қызметін жасаған. Үйленген, қылмыстық істегі жауаптау парағы бойынша отбасында 6 адам болған. 1930 жылы 25 қазанда ПП ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1932 жылы 9 маусымда ПП ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-11-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылып, ЕТЛ-ға қамалған. 3 жыл мерзімін өтегеннен кейін еліне қайтып оралғаннан кейінде Алашорда мүшесі Г.Ермұхамедов ісі бойынша 1937 жылы 28 желтоқсанда қайта жауапқа алынған. 1990 жылы 30 наурызда Қазақ КСР Прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақталған. (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Тастенов Асым (Асим)
- Аты-жөні: Тастенов Асым (Асим)
- Туған жері: Орал облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ