Таушанов Сейфіл 1890 жылы БҚО Казталов аудандық Бостандық ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі орташа, қызметі – мектеп директоры. Бұрынғы Батыс Алашорда мүшесі. 1937 жылы 28 сәуірде БҚОУНКВД тарапынан тұтқындалып, антисоветтік көзқарасы үшін қамалған. 1937 жылы 25 қарашада БҚОУНКВД Үштігінің шешімімен РКФСРҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, үкім орындалған. 1992 жылы 16 қыркүйекте КСР Жоғарғы Сотының шешімімен КСРО Президентінің 1990 жылғы 13 тамыздағы Қаулысына сәйкес ақталған. (БҚОПДА, 1-қор, №П-983 – Бижан Жанкадамов ісінде бірге айыпталып, тіркелген).
Таушанов Сейфіл
- Аты-жөні: Таушанов Сейфіл
- Туған жері: БҚО Казталов аудандық Бостандық ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ