Тоқсанов Есет Мырзағалиұлы 1899 жылы БҚО, Жаңақала ауданы, Новая-Казанка ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорда жетекшілерінің белсенді өкілі, Алашорда әскери жасағының құрамында болған. 1938 жылы 26 наурызда Жаңақала РО НКВД тарапынан бұрынғы алашордашылардың өкілі ретінде антисоветтік, террористік, ұлтшыл ұйым құрды деген айыппен тұтқындалған. Тұтқындалған кезде Новая-Казанка ауылында колхоз председателі қызметін атқарған. 1938 жылы 13 қарашада КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1958 жылы 1 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПДА, №П-2209 іс).
Тоқсанов Есет Мырзағалиұлы
- Аты-жөні: Тоқсанов Есет Мырзағалиұлы
- Туған жері: БҚО, Жаңақала ауданы, Новая-Казанка ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Иә