Тоқтасынов Сахи 1885 жылы БҚО, Жымпиты ауданының Көздіғара ауылында дүниеге келген. Қазақ, молда, білімі бастауыш, бұрын сотталмаған. Батыс Алашорданың белсенді мүшесі. 1937 жылы 7 қазанда Жымпиты аудандық НКВД-сы тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысы НКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1989 жылы 26 сәуірде БҚО прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақтаған (БҚО ПД архиві, Қуанай Қосдәулетов ісінде №П-2451 ісі).
Тоқтасынов Сахи
- Аты-жөні: Тоқтасынов Сахи
- Туған жері: БҚО, Жымпиты ауданының Көздіғара ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ