Тулегенов Шамғон 1898 жылы БҚО, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Бұрынғы бай-молда. Айыптау: Батыс Қазақстанда әскери, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. (УК РСФСР 58-2-11-бап). (БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2463 іс). 1937 жылы 17 қыркүйекте облыстық НКВД тарапынан тұтқындалып, РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталған. Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені және алашордашылармен сыбайлас болғаны үшін айыпталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. (БҚО НКВД басқармасы Үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2463 іс). (Осы істе онымен бірге Жазықбаев (Джазыкбаев) Муслим, Бармакбаев Мухамбетқали, Баканов Сәндібек). (БҚО ПДА 6-қор, №563 іс, Джаканов Мизамғали ісі бойынша).
Тулегенов Шамғон
- Аты-жөні: Тулегенов Шамғон
- Туған жері: БҚО, Қаратөбе ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ