Тулегенов Ілияс 1912 жылы БҚО, Орда ауданының №88 түйе зауытында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, қызметі – мұғалім. Батыс Алашорда мүшесінің баласы, Алашорда жетекшілерімен ниеттес болған. 1938 жылы 28 мамырда Орда аудандық РО НКВД тарапынан тұтқындалып, Алашорданы қолдағаны үшін, Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізді деген айып тағылған. 1938 жылы 27 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1989 жылы 26 сәуірде БҚО прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві, №П-2209 іс).
Тулегенов Ілияс
- Аты-жөні: Тулегенов Ілияс
- Туған жері: БҚО, Орда ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ