Туриев Қуаныш 1872 жылы дүниеге келген, бұрынғы бай, болыс билеушісінің баласы, партияда жоқ, сауаты жоқ. 1929 жылы бай ретінде тәркілеуге ұшыраған және репрессиядан қашқан. Үйленген. 1937 жылы 25 қыркүйекте мемлекеттік салық төлеуден жалтарғаны үшін, қашып жүргені үшін, алашордашыларды қолдағаны үшін Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданының НКВД-сы тұтқындаған. 1937 жылы 30 қыркүйекте РКФСР ҚК 58-2, 58-7-баптарымен үштіктің үкімі бойынша ату жазасына кесілген. 1998 жылы БҚО прокуратурасы ақтаған. Айыптау ісінде Батыс Қазақстанда контрреволюциялық панисламистік, шпиондық наразылық ұйымдастырған және Қаратөбе бойынша осы контрреволюциялық панисламистік ошақтың жетекшісі М. Жазықбаевтың тобында болғаны үшін айыпталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. (БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2368 іс, БҚО ПД архиві, Қуанай Қосдәулетов ісінде, №П-2451 ісі).
Туриев Қуаныш
- Аты-жөні: Туриев Қуаныш
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ