Турганов Даулет Турганұлы 1873 жылы дүниеге келген. Қазақ, сауатты, партияда жоқ, бұрын сотталмаған. 1937 жылы 29 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданының НКВД-сы тұтқындаған. РСФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылған. 1937 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы УНКВД Үштігінің шешімі бойынша, 58-2, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы БҚО прокуратурасы ақтаған. Батыс Алашорда мүшесі (БҚО ПДА, №2787 іс, БҚО ПД архиві, Қуанай Қосдәулетов ісінде, №П-2451 ісі).
Турганов Даулет Турганұлы
- Аты-жөні: Турганов Даулет Турганұлы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ