Тұнғаншин Ахмет 1890 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Есеншағыл ауылында дүниеге келген. Бастауыш білімді, мал дәрігері болып қызмет атқарған. Алаш партиясының мүшесі. 1927 жылы 9 ақпанда Ақтөбе облыстық УНКВД шешімімен РСФСР ҚК 58-7, 58-9-тармақтарымен тұтқындалып, 5 жылға жер аударылған. 1992 жылы 25 қарашада Ақтөбе облыстық прокуратурасының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві Үштіктің хаттамалары).
Тұнғаншин Ахмет
- Аты-жөні: Тұнғаншин Ахмет
- Туған жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Есеншағыл ауылы
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ