Тұрмұхамедов Есенғали 1918 жылы қыркүйекте Уфа Директориясын құру туралы мәжіліске қатысқан. Алашорданың белсенді 12 мүшесінің бірі. Осы 1918 жылдың 11 қыркүйегіндегі аталған төтенше жиынның төрағасы Ә. Бөкейханов болса, оның үкімет мүшелері қатарында Бөкей Ордасынан Б. Құлманов, У. Танашев, ал Оралдан Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Б. Жанқадамов пен Е. Тұрмұхамедовтер қатысқан. Осы мәжілісте Алаш үкіметінің алдағы тағдыры мәселесі қаралып, ал «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметін таратып, орнына Алашорданың Батыс бөлімін құру туралы шешім шығарылады. Оның төрағалығына Ж. Досмұхамедов сайланады (БҚО ПД архиві).
Тұрмұхамедов Есенғали
- Аты-жөні: Тұрмұхамедов Есенғали
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ