Турумбаев Есқали 1876 жылы БҚО, Жымпиты ауданының Көздіқара ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, орта білімді. Алашорда әскери жасағының командирі және тұтқындалғанға дейін БҚО Жымпиты ауданының Шиғанкөл, Тозе колхоздарында қатардағы колхозшы болып жұмыс істеген. 1933 жылы 10 сәуірде БҚО, Жымпиты аудандық ОГПУ тарапынан тұтқындалған. ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталған. 3 жылға бас бостандығынан айырып, ЕТЛ-ға қамаған. 1990 жылы 29 наурызда БҚО УКГБ шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Турумбаев Есқали
- Аты-жөні: Турумбаев Есқали
- Туған жері: БҚО, Жымпиты ауданының Көздіқара ауыл советі
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ