Турумтаев (Турумбаев, Тұрымбаев) Салих Кужасович 1884 жылы Ілбішін ауданы, Дуана ауылында туған, Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, қазақ, білімі орташа, мамандығы – оқытушы. Тұтқындалған кезде БҚО, Орал қаласында тұрған. 1937 жылы 19 қазанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған, 1937 жылы 5 қарашада БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілді, үкім орындалған. 1989 жылы 14 наурызда БҚО облыстық прокуратурасының шешімімен КСРО ПВС 1989 жылғы 16 қаңтардағы Қаулысына сәйкес ақталған. (БҚО ПДА, 1-қор, №П-562 іс. Қ. Асанов, М. Бармақбаевтармен бірге қылмыстық істе). Батыс Алашорда мүшесі (БҚО ПДА 6-қор, №563 іс, Джаканов Мизамғали ісі бойынша).
Турумтаев (Турумбаев, Тұрымбаев) Салих Кужасович
- Аты-жөні: Турумтаев (Турумбаев, Тұрымбаев) Салих Кужасович
- Туған жері: Ілбішін ауданы, Дуана ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ