Уайсов Қуанышқали Ерғазыұлы 1902 жылы БҚО, Шыңғырлау ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында болған. 1927-1937 жылдары Қазақстан коммунистік партиясына кандидат ретінде тіркелген. 1937 жылы наурыз айында Жаңа-тұрмыс ауылында колхозшыларға дөрекілік танытты деген айыппен партияға кандидаттық лауазымнан шығарылған. 1937 жылы 24 желтоқсанда Шыңғырлау аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. Тұтқындалған кезде Шыңғырлау ауданының Шілік ауылында қызмет жасаған. 1938 жылы 13 қарашада БҚО облыстық сотының қылмыстық сот коллегиясы РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша соттап, 20 жылға бас бостандығынан айырған, ЕТЛ-ға қамалған. 1940 жылы 20 қаңтарда БҚО УНКВД шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Уайсов Қуанышқали Ерғазыұлы
- Аты-жөні: Уайсов Қуанышқали Ерғазыұлы
- Туған жері: БҚО, Шыңғырлау ауданының Қараағаш ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ