Устеміров Аманғали (дүниеге келген-дүниеден озған жылы белгісіз)– қазақ, орта білімді, бай, Алашорданың белсенді мүшесі. 1920 жылы Алашорда тарағаннан кейін мұғалімдікке көшкен. Қазақстанның 10 жылдығы мектебінде оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарған. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Устеміров Аманғали
- Аты-жөні: Устеміров Аманғали
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ