Укиев Ізтілеу (Устлеу), дүниеге келген-дүниеден өткен жылы белгісіз. БҚО, Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ,білімі орташа, қызметі – колхозшы. Алашорда мүшесі Уайсов Қуанышқалидің қылмыстық ісі бойынша 25 адамның тізімінде аталады. Контрреволюциялық Алашорда ұйымының белсенді мүшесі деген айыппен 1937 жылы 22 желтоқсанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 28 желтоқсанда БҚО УКНВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-13-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1993 жылы 5 наурызда Қазақ КСР Прокуратурасының шешімімен 1990 жылғы 13 тамыздағы КСРО Президентінің қаулысына сәйкес ақталған. (БҚО ПД архиві №П-983 істе)
Укиев Ізтілеу (Устлеу)
- Аты-жөні: Укиев Ізтілеу (Устлеу)
- Туған жері: БҚО, Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ