Утарбаев Жәңгір 1896 жылы БҚО, Бөрлі ауданы, Ақтау ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, қызметі – сауда бөлімінің меңгерушісі, Алашорданы қолдаушы. Қылмыстық істегі 1938 жылы 8 ақпандағы жауаптау парағында әйелі мен 3 баласы бар деп жазылған. 1938 жылы 1 ақпанда БҚО Шыңғырлау аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8-баптары бойынша сотталып,ең ауыр үкім–ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. 1938 жылы 16 ақпанда 22 сағат 50 минутта үкім орындалған. 1958 жылы 10 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Утарбаев Жәңгір
- Аты-жөні: Утарбаев Жәңгір
- Туған жері: БҚО, Бөрлі ауданы, Ақтау ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ