Уранаев Хамидулла 1905 жылы БҚО Казталов ауданында дүниеге келген. Батыс Алашорда әскери жасағында қызмет жасаған. Қайраткердің ұрпағы Әуес апайдың айтуы бойынша, Орал реалдық әскери училищесінің түлегі Уранаев Хамидулла жастайынан өте белсенді болған. Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында 1905 жылы дүниеге келген балаларын жастайынан білімге баулып, әкесі Оранай мен анасы Мариям алдымен ауыл мектебінде, кейін әскери училищеге оқытып, білімін әрі қарай Уфада жалғастыруға мүмкіндік жасаған. Х.Уранаев әскери білім алып жүрген жылдары, 1920-1930 жылдары өзі өмір сүрген ортаның қоғам белсенділерімен тығыз-қарым қатынаста болған. 1937-1941 жылдары Чапаев ауданы Мерген ауылының жетім балалар мектебінің тұңғыш қазақ директоры Оранаев Хамидулла болды. Жетім балалар мектебінде қазақ балаларын алғаш оқытқан мектеп директоры деп жазылған құжатта. Еңбек жолын Фурманов ауданы мектебінде және Көктерек ауыл мектептерінде физика, математика, химия пәнінің мұғалімі болды. Содан кейін Фурманов орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 1935-1937 жыл партия мектебін үздік бітірді. 1937-1941 жылдары Чапаев ауданы Мерген ауылының жетім балалар мектебінің тұңғыш қазақ директоры болды. Жетім балалар мектебінде қазақ балаларын алғаш оқытқан мектеп директоры деп жазылған құжаты сақталған. Сталиндік қуғын-сүргін жылдары ол да НКВД жендеттері тарапынан көзге ілініп, қамауға алынып, әйтеуір, аса ауыр жазадан аман қалады. 1942 жылы наурыз айында өз еркімен Ұлы Отан соғысына Мерген ауылынан аттанады. Содан 1944 жылы 16 февральда Белорусь Республикасының Витебск обл. Шумилинский пос. Ольховники жерінде лейтенант Оранаев Хамидулла ерлікпен қаза тапты. Соғыс жылдарында офицерлер құрамында лейтенант Уранаев Хамидулла 1112-ші атқыштар полкінде, №358 дивизиясында политрук болған. Бұл фактілер Мәскеу архивінен алынған. Кеңес Одағының батыры деген атағы соғыс кезінде полкіге тапсырылған, біздің мәңгі есімізде сақталады» – деп еске алады қайраткердің ұрпағы Әуез апай. «Сауатты, білімді, батыр азамат, Орта Азия елінің батыры деп атадық, лейтенант Уранаев Хамидулланы» деп хат жазып жүрді полк командирі Елизаров Иван Василивич Мордва АКСР-ы Саранскі қаласынан. Ұрпақтарының қолында батырлығы жөніндегі құжаттары жоқ. Уранаев Хамидулланың ұлы Уранаев Жалғас (1935-1996) – ҚР-ға еңбегі сіңген үздік ауыл шаруашылығы қызметкері. Уранаев Хамидулланың немерелері – Арман, Нурлан, Әуес. Жоғары білімді мамандар, барлығы да жұмыс жасайды. Отбасылары бар. Уранаев Хамидулланың бес шөбересі бар. Хамидолла Уранаев өз еркімен 1941 жылы майданға сұранып кеткеннен кейін ерлікпен қаза табады. Ұлы ол кезде 5 жаста қалыпты. «Достарыңды, анаңды сыйла. Отаныңа адал қызмет ет, балам» деп, баласының басынан бір сипап аттанған екен. Әке аманатын ұлы Жалғас күні бүгінге дейін берік ұстап келеді. Үш немересі бар. Уранаев Х. тілдерді жетік білген. Соғыс жылдарында ең бірінші үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. «Атам бүкіл Орта Азияның өзбегі бар, әзірбайжан, ұйғыр, қазақтар – барлығы орысша білмеген. Бұл кісі үйретіп, тілді білуге үйретуге өзінің бар білгенін, білімін үйретуден талмаған. Соғыстың алғы шегінде жүріп алғашында барлығын үйреткен. Ең бірінші жаттығулар жасатып, полк командирі Елизаров Иван Василевич орысша айтып түсіндірсе, атам барлығын аударып, түсіндіріп отырған. Орта Азия халқының бәрі атамды жақсы көрген. Өйткені атам өте кішіпейіл, қамқор, бауырмал, көмектесуге әзір тұратын жанашыр болған. Тіпті Уранаев Хамидулла келмей оқу ісін бастамаған» деп атасы туралы естелік жазбасында Әуес Уранаева. «Иван Василевич екеуі өте қатты дос, сырлас, бауыр болған. Екеуі бір-біріне уәделескен. Егер де соғыстан аман-есен оралсақ... Егер біреуіміз өмірден кетсек, онда бір-біріміздің отбасыларымызды іздейміз» деп серттескен. Иван Василевич 1954 жылы елге оралады. «Казахстанская правда» газетінің 1973 жылғы 9 мамырдағы нөмірінде «Майдангерлер, хабарласыңыздар» айдарымен жазылған майдандастардың хаттарында Мордова АССР-ы Саранск қаласында тұратын Елизаров Иван есімді ардагер жазған мынадай хабар бар екен: «Мен 1112-атқыштар полкіндегі №358 дивизия подполковнигімін. Майданда бірге болған қазақ досым Хамидолла Оранаевты іздеймін. 1954-1974 жылға дейін Оранаев Хамидулла отбасын іздеген. Лейтенант Х. Оранаев батырлықпен күресті, полк дивизиясында қадірлі азаматтың бірі болды. Егер бейбітшілік өмірде тірі болса, хабарлассыншы». Содан үш жыл өткенде 1976 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінің 95-ші нөмірінде подполковник Елизаров «Жауынгер естелігі» айдарымен суретімен бірге көлемді мақала береді. Бұл мақалада Хамидолла Оранаевтың ерлігі кең түрде жазылған.
Уранаев Жалғас Хамидуллаұлы Казталов ауданы Карл Маркс атындағы колхоздың басқарма орынбасары қызметін өмірінің соңына дейін атқарды. 40 жылдан астам уакыт ауыл шаруашылығын дамыту бағытында еңбек етті. Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер. Бірнеше мақтау грамотасына ие болған. Алматының институтын АЗВИ (Алматы зооветиренария институты) мамандығы бойынша үздік аяқтады. Әуез Уранаеваның естелігі бойынша, анасы Дина Имақаева А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, Богатырево орта мектебінде 40 жыл еңбек етіп, мұғалім қызметін атқарған ұлағатты ұстаз. Әкесі мен анасы 2 ұл, 1 қыз тәрбиеледі: Арман, Әуес, Нұрлан. Атасының жолына түсіп, жиырма бес жыл педагогика саласында қызмет етіп жүр. Немересі Нұрлан Уранаевтың екі қызы бар: Дария, Нарқыз. Мектепте де, университетте де үздік оқып, қазіргі таңда магистратурада оқып жатыр. Інісі Нұрлан қазіргі кезде А. Иманов атындағы жол-көлік колледжінің оқу-өндірістік ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Ағасы Арман Алматы республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді. Алматы архитектура-құрылыс институтын жақсы тәмамдады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Инженер мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді. Отбасында үш жиені: Жасмин, Әли, Адина, үш қызы: Мәдина, Әлия, Мариямды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Ал Әуес Жалғасқызы С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіріп, журналист қызметінде, қазіргі кезде облыстық радионың аға редакторы қызметін атқарып келеді. (Мағлұматтар қайраткердің ұрпағы Әуес Уранаевадан алынды).
Уранаев Хамидулла
- Аты-жөні: Уранаев Хамидулла
- Туған жері: БҚО Казталов ауданы
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ