Хаирлиев Гариф 1913 жылы БҚО Казталовка ауданы Ұмтыл ауылында дүниеге келген. Қазақ, бұрынғы бай-атқамінердің ұлы, қызметі – бөлім меңгерушісінің орынбасары. Бұрынғы Батыс Алашорда белсенділерін қолдаушы, Алашордамен ниеттес. 1932-1935 жылдар аралығында КП(б)К қатарына қабылданып, әлеуметтік шығу тегін жасырғаны үшін 1935 жылы партиядан шығарылған. 1938 жылы 4 ақпанда БҚО Шыңғырлау УНКВД тарапынан тұтқындалған, Орал түрмесіне қамалған. Тұтқындалған кезде Шыңғырлау ауданының Шілік ауылында тұрған, 1938 жылы тұтқынға алынғанда отбасында 3 жан – анасы, әйелі және ұлы бар деп көрсетілген. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСРҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім 1938 жылы 13 ақпанда 23 сағат 25 минутта орындалған. 1958 жылы 10 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Хаирлиев Гариф
- Аты-жөні: Хаирлиев Гариф
- Туған жері: БҚО Казталовка ауданы Ұмтыл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ