Шолақов Шилібай 1897 жылы БҚО Маңғыстау ауданының Форт-Александровск ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – хатшы. Батыс Алашорда милициясының құрамында болған, Алашорда жетекшілерін қолдаған. 1938 жылы 28 қаңтарда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 13 қарашада КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы көшпелі сессиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1957 жылы 24 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Шолақов Шилібай
- Аты-жөні: Шолақов Шилібай
- Туған жері: БҚО Маңғыстау ауданының Форт-Александровск ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ