Хайрғалиев Салық (Салых) (ол кейде Аянов Ахмет, Қанатов Лесхаил деген атпен жүрген) 1906 жылы дүниеге келген, бұрынғы бай, 1929 жылы әкесімен бірге бай-кулак деп айыпталып, облыстан тысқары аймаққа жер аударылған, 1930 жылы Энгельс қаласында қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 1932 жылы Дальлагқа 5 жылға сотталған, одан қашып шығып, Куйбышев облысында «қарулы мал ұрлаушылар шайкасын (тобын)» құрғаны үшін, яғни қылмыстық топ құрды деп және контрреволюциялық ұлтшылдықты насихаттағаны, антисоветтік үгіт жүргізгені, алашордашылармен байланыста болғаны, сонымен бірге Дальлагтан қашқаны, жалған паспорт алғаны үшін РКФСР ҚК 58-10-бабы 2-бөлімі,58-11, 82,166,169 б.2 бөлімі және 182-баптары бойынша сотталған. 1937 жылы 19 тамызда НКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, үкім орындалған, барлық мал-мүлкі тәркіленген. (БҚО ОУНКВД №10899 іс. Хаттама №3, 2 қыркүйек 1937 ж.).
Хайрғалиев Салық (Салых)
- Аты-жөні: Хайрғалиев Салық (Салых)
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ