Хайдаров Хамит 1894 жылы БҚО Гурьев уезі Теңіз ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. Бұрынғы бай, ақтар армиясының еріктісі (доброволец белой армии), ВКП(б)-ның бұрынғы мүшесі, контрреволюциялық троцкийшіл наразылықтардың құрамында болғаны үшін шығарылған. Азамат соғысы кезінде Алашорда құрамында болып, өзінің «ауылындағы коммунистерді ақ бандыларға ұстап бергені үшін», 1929 жылы жалған жолмен ВКП(б) құрамына кірген деп саналады. Айыптау: «Мирзоян» колхозында жұмыс жасап, колхоз мүлкін жымқырғаны, колхоз кеңсесін өртеп, өзінің қылмысын жасыруға тырысқан әрекеті, колхозшылар арасында контрреволюциялық-троцкийшілдік, антисоветтік үгіт-насихат жүргізгені, стахановшыларға қарсы әрекеті, колхозшының өміріне қауіп төндіргені және Азамат соғысы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күресте белсенді әрекеті үшін айыпталған. РСФСР ҚК 58-10-11-7-13-баптармен сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, барлық мал-мүлкі тәркіленген. 1959 жылы 8 тамызда істе қылмыс құрамының жоғына орай Гурьев облыстық сотының қаулысымен ақталған. (Гурьев аймақтық НКВД бөлімшесі №9576 іс. Хаттама №3, 2 қыркүйек 1937 ж.). (Осы істің ішінде онымен бірге сыбайластар деп айыпталғандар: Абдулов Мұратқали ЕТЛ-ға 10 жыл, Ногаев Бекбусын 10 жыл ЕТЛ).
Хайдаров Хамит
- Аты-жөні: Хайдаров Хамит
- Туған жері: БҚО Гурьев уезі Теңіз ауданының Бірлік ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ