Шонбасов Мұхамеджан (дүниеге келген-дүниеден озған жылы белгісіз) – қазақ, орта білімді, Алашорда уездік өкіметінің басқарма мүшесі. Алашорда таратылғаннан кейін Ганюшкин орта мектебінің оқу ісі бойынша меңгерушісі қызметін жасаған. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Шонбасов Мұхамеджан
- Аты-жөні: Шонбасов Мұхамеджан
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ