Шытыков (Читиков) Есенияз 1879 жылы дүниеге келген. Батыс Алашорданың мүшесі. БҚО прокуратураның архивінде «Коллекция документов лиц репрессированных в 30-50 гг» атты қорында бірнеше тұлғамен бірге картотекада есімі берілген. Құжатта «1879 жылы туылған Читиков И. 1931 жылы наурыз айында тұтқындалғаны, себебі 1930-1931 жылдары БҚО Ілбішін ауданының №1 ауылындағы Кеңес өкіметін құлату үшін көтеріліске қатысқан» деген мағлұматтар бар. БҚО ІІД архиві құжаттарында «Читыков Исенияз 52 жаста, үйленген, сауатты, қазақ, малшы, бай, сайлау құқынан айрылған, патшалық үкімет кезінде болыс басшысының көмекшісі және депутат қызметінде болған, бұрын сотталмаған, Ілбішін ауылы №1 ауылының тұрғыны» деп көрсетілген. 1931 жылы 25 желтоқсанда Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске шыққан 130 адамның «айыптау ісі» бойынша ОГПУ тарапынан тұтқындалып, 1932 жылы 25 ақпанда ОГПУ үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-10-баптары бойынша сотталып, «мерзімі 1931 жылдың 18 мамырынан бастап 10 жылға концлагерьге қамалсын» деген шешім шығарылған. Тұтқындалып әкеткеннен кейінгі тағдыры белгісіз, қайтып отбасына оралмаған. (мағлұматтар Е. Шытыковтың тумасы Атырау қаласына қарасты Алматы ауылдық округі Алмалы ауылының Зейнолла көшесі, 19-үйдің тұрғыны, зейнеткер Зиноллиев Самиғолладан алынған және БҚО ПД архиві 18 қор, Т-8, №П-3204 іс).
Шытыков (Читиков) Есенияз
- Аты-жөні: Шытыков (Читиков) Есенияз
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ