Чангереев (Шангереев) Бижан 1893 жылы БҚО-да дүниеге келген. 1930 жылы 10 сәуірде ОГПУ тарапынан тұтқындалған. Қазақ, үйленген, 3 баласы бар және бай, мал-мүлкі 469 қой мен ешкі, 30 жылқы, 9 түйе, 140 мүйізді ірі қара. Батыс Алашорда мүшесі. Тұтқындалған кездегі тұрғылықты жері – Алматы облысы Іле ауданы №3 ауылдың Шолпан қыстағы, колхозшы. Кеңес үкіметіне қарсылық көрсеткен, Алашорда мен ақ гвардияны қолдаған, бай деген айыптармен 1930 жылы 10 сәуірде ОГПУ тарапынан тұтқынға алынған. Қазақстандағы ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша 1930 жылы 13 мамырда сотталып, 5 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1989 жылы 8 шілдеде Қазақ КСР прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ПВС қаулысына сәйкес ақталған. (БҚО ПД архиві, Ю. Чангереев ісінде).
Чангереев (Шангереев) Бижан
- Аты-жөні: Чангереев (Шангереев) Бижан
- Туған жері: БҚО
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ