Чангереев (Шангереев) Юсубгалий 1883 жылы Орал губерниясының Сламихин ауданы Сламихин ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, бай, үйленген, 3 баласы бар. Мал-мүлкі: 230 қой мен ешкі, 16 мүйізді ірі қара, 5 түйе, 13 жылқысы бар, бұрын сотталмаған. Батыс Алашорда мүшесі. 1900 жылы Хан ставкасындағы училищені аяқтап, 1905 жылғы революцияға дейін әртүрлі үкіметтік мекемелерде жазбашы (писарь) қызметін атқарып, монархиялық жүйенің белсенді қызметкері ретінде мансабы тез өскен, 1914 жылға дейін Талов қисымы басқарушысының көмекшісі дәрежесіне жеткен. Ал 1914 жылы Уақытша кеңестің кезінде ауылдардағы хандық жүйе менбайлардың заманын сақтап қалуға тырысқан, жас кезінде Юсубгалий Чангереев Қалмақ қисымын басқарушының көмекшісіретінде үлкен беделге ие болып, патша үкіметінен бірнеше медаль мен марапат алған. 1915 жылы Торғын қисымының, ал 1916 жылы Нарын қисымының басқарушысы болған. 1916 жылы мобилизация кезінде қазақ жігіттерінен әскер алу жұмыстарына белсене қатысқан. 1917 жылы патша үкіметі құлатылғанда қызметінен кетіп, төңкеріс кезінде Уақытша үкіметті қолдаған. 1918 жылы Ю.Чангереев ақ гвардияшылар басып алған Нарын қисымындағы Көшбелең деген жерге қоныстанады. Кейін Орал губерниясындағы бандаларды жою кезінде тұтқындалған.1928 жылы 27 тамызда Орал окротдел ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1929 жылы 17 қаңтарда ОГПУ коллегиясы жанындағы Ерекше кеңестің қаулысымен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша 3 жылға сотталып, ЕТЛ-ға қамалған. 1999 жылы 29 сәуірде ҚР Бас Прокуратурасының шешімімен 1993 жылы 14 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес ақталған(БҚО ПДА, №П-4296 іс).
Чангереев (Шангереев) Юсубгалий
- Аты-жөні: Чангереев (Шангереев) Юсубгалий
- Туған жері: Орал губерниясының Сламихин ауданы Сламихин ауыл советі
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ