Чинтасов Теңіз 1896 жылы БҚО Тайпақ ауданы Ащыкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Батыс Алашорда мүшесі. Фурманов ауданындағы педтехникум директоры қызметін атқарған. 1938 жылы 3 ақпанда УНКВД тарапынан тұтқындалған. Алашорданы қолдаушы, 1933-1934 жылдары антисоветтік контрреволюциялық топты ұйымдастырушы деген айыптар тағылған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, үкім орындалған. 1956 жылы 10 шілдеде істе қылмыс құрамының жоғына орай Оңтүстік Урал әскери округінің шешімімен ақталған. (БҚО ПД архиві. Т.Чинтасов ісі).
Чинтасов Теңіз
- Аты-жөні: Чинтасов Теңіз
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданы Ащыкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ