Чукеев Мухамбетқали (дүниеге келген-дүниеден өткен жылы белгісіз) Батыс Алашорда жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста болған, Алашорданы қолдаған, сол үшін үнемі НКВД органдарының бақылауында болған. 1937 жылы көктемде Орда аудандық №88 түйе зауытының директоры қызметінде жүрген кезінде тұтқындалған. Оған антисоветтік, ұлтшыл көзқараста деген айып тағылып, НКВД Үштігінің шешімімен сотталған. Кейінгі тағдыры белгісіз (БҚО ПДА, №П-4296 іс).