Ізбасаров Ахметқали 1900 жылы БҚО Бөрлі ауданының Шейсабақ ауылында дүниеге келген. Қазақ, қызметі – Шыңғырлау ауыл советінің төрағасы.
1938 жылы 28 қаңтарда БҚО Шыңғырлау УНКВД тарапынан тұтқындалған. Тұтқындалған кезде тұтқын анкетасында Бөрлі ауданының Қазақстан стансасында тұратыны, әйелі Балқия, ұлы Сәбит, қызы Усипа, әкесі Қатеков Ізбасар, анасы Қатекова Балсұлу, мал-мүлкінен 1 сиыр, 1 жылқысы болғаны жазылған. Ол ұлтшыл, әскери, а/с террористік бүлікші ұйымға кірді деп айыпталған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, бар мал-мүлкі тәркіленген. Үкім 1938 жылдың 13 ақпанында 23 сағат 25 минутта орындалған. 1958 жылы 10 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, Р.Курманбаев және басқалары).
Ізбасаров Ахметқали
- Аты-жөні: Ізбасаров Ахметқали
- Туған жері: БҚО Бөрлі ауданының Шейсабақ ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ