Юсупов Шантай Орал округі Орда ауданының Шұңғай ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімді, бай, Алашордамен ниетттес, қолдаушы. «Патша үкіметінің кезінде өзінің қызметін асыра пайдаланып, қазақ жігіттерін тыл жұмыстарына мобилизациялау шараларын белсенді жүргізген. Қазан төңкерісі кезінде Кеңестердің билігіне қарсы күрескен, қарулы ақ гвардиямен одақтастарға қосылып, олармен сыбайлас болған, жергілікті тұрғындар арасында Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізген» деген айыптар тағылған. 1928 жылы 24 қыркүйекте Орда РО ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1929 жылы 18 қаңтарда Орал ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-13-баптары бойынша 3 жылға жер аударылған. 1957 жылы 10 қазанда КСРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы ақтаған, екінші рет 1999 жылы 19 сәуірде БҚО прокуратурасы ақтаған. (БҚО ПД архивінен, Ю. Чангереев №П-4296 ісінде).
Юсупов Шантай
- Аты-жөні: Юсупов Шантай
- Туған жері: Орал округі Орда ауданының Шұңғай ауылы
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ