Орналасуы
Каменлаг, қазіргі Саратов облысымен шектес Тасқала ауданы аумағында болды.
Шаруашылық түрі
Мұнда негізінен өзге өңірлерден жер ауып келгендер орналастырылған, оның ішінде еңбекпен түзету лагері және арнайы қоныстар (спец.поселениелер) желісі жұмыс жасаған.
Жалпы сипаттама / тарихы
Лагердің орны қазіргі Тасқала ауданының орталығы Каменкадан 25 шақырым жердегі Ешкітауда болуы мүмкін. Өйткені жергілікті халықтың айтуынша Кеңес өкіметі тұсында бұл жер үнемі әскери бақылауда болып, жергілікті халықты Ешкітаудың маңынан өткізбегенін растады. Алайда, Каменка лагері бойынша БҚО Полиция департаменті архивінде сақталған жекелеген тұлғалардың кейбір қылмыстық істерінде Каменкадағы арнайы бақылау қоныстарында ұсталғандар (спец. поселение), Тасқала ауданымен шектесетін Казталов ауданына қарасты Шильная балка ауылындағы түрмеде отырғандығы туралы деректер сақталған.
Тағы бір ресми мағлұматтарда бар. Саратов облысының мемлекеттік архивінің деректері бойынша Каменский ЕТЛ (Каменлаг және Ново-Каменский ИТЛ) КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 31.03.1942 жылғы №5356-рс өкіміне сәйкес НКВД-ның 4.04.1942 жылғы № 0108 бұйрығымен ұйымдастырылады. Каменлаг басқармасы Гримм ауылында болды, алдымен Каменский, содан кейін Саратов облысы Красноармейский ауданына қараған. Бұрынғы неміс ұлттары орналасқан ауылдар, яғни барлық саны 11 ауыл (Гуссарен, Каменка, Деготт, Бауэр, Шукк, Французен, Мессер, Мур және т.б.) 1942 жылдан бастап лагерлік пункттер ретінде ұйымдастырылып жұмыс жасай бастаған. Мұндағы тұтқындар негізінен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысты. Қыста ВВС Қызыл әскерінің аэродромын қардан тазалау жұмыстарына тартылған.
РФ мемлекеттік архивінің 9414 қоры, №378 ісінде Каменлагтың тұтқындарының саны көрсетілген:
1942 жылы 1 қазандағы мағлұмттар бойынша -11 683 адам,
1943 жылдың 1 қаңтарындағы мағлұматтарға сәйкес 51 423 адам,
1944 жылы -6840 адамға жеткен. Каменлаг НКВД-ның 1.06.1944 жылғы № 00648 бұйрығымен жабылды, ал лагерь бөлімшелері Саратов облысы ІІМ УИТЛК-ге берілген.
РФ Саратов облысының бұрынғы Каменский ауданында орналасқан нысандардың режимі 1944 жылы Каменлаг жабылғаннан кейін де сақталған. Саратов облысы ІІМ-нің түзеу-еңбек лагерлері мен колониялары басқармасына (УИТЛК) лагерь бөлімшелерін біріктіру тапсырылған. Сондықтан бұрынғы Камен ауданының елді мекендері Саратов облысы Красноармейск ауданының құрамында РСФСР әкімшілік-аумақтық бөлінісінің анықтамалығында 1945 жылғы 1 шілдеге (1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін өзгертулермен) жоқ. Олар КСРО-ның 1947 жылғы 1 қаңтардағы әкімшілік-аумақтық бөлінісінің анықтамалығында жоқ. Тек Каменский жұмысшы кенті (Б.Гримм; 1943 жылы Жұмысшы кенті мәртебесін алды) осы анықтамалықтарда Красноармейск ауданының құрамымен көрсетілген.
Фото, видео, архив құжаттары