Орналасуы
БезымянЛагтің орналасқан жері 1940 жылдың 25 қыркүйегінен бастап РФ Куйбышев облысы, Куйбышев теміржолы, Безымянка станциясы/телеграф коды: «Особстрой» («Ерекше құрылыстар»)/деп көрсетілген.
Шаруашылық түрі
Деректерде БезымянЛагтің қызметі: №122, 295 авиация заводының құрылысы, №377 мотор заводы, аэродром, жолдар, тұрғын үйлер, Безымян және Куйбышев ЖЭС, кірпіш және механикалық заводы, №1, 18, 24, 35, 145, 165, 207, 305 және 454 заводтар құрылысы, вагон жөндеу цехы, Кряж станциясы аумағындағы №443 мұнай өңдеу заводы, тұрғын-жайлар, коммуналды-тұрмыс объектілері, НКАП карбид заводы, гравий карьерінің құрылысы, радиостанция құрылысы, суқұбырлары, канализация, Депо және трамвай жолдары, «Красный пахарь» совхозының жұмыстары, сонымен бірге Куйбышев мұнай комбинатының құрылыстарында пайданылды.
Жалпы сипаттама / тарихы
2021 жылы Е.А.Писареваның «Влияние Великой Отечественной войны на экономическую деятельность лагерей системы ГУЛАГ НКВД (на примере Безымянлага)» атты ғылыми мақаласында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Безымянлагтың шаруашылық қызметі, майданды қару-жарақпен (Ил-2) қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ лагердегі адам құқығы мен денсаулығын қорғаудың аяққа тапталғанын көрсетіп, талдау жасаған. А.В.Захарченко, А.И.Репинецкийдің басшылығымен шыққан келесі кітап «Строго секретно. Особстрой – Безымянлаг. 1940-1946», бұл еңбекте: лагердің 1940 жылдан бастап 1946 жылға дейінгі өмір сүрген кезеңіндегі лагерь тұтқындарының, соның ішінде әскери тұтқындар мен саяси қылмысы үшін қамалған тұтқындардың еңбек қызметі, санитарлық-тұрмыстық жағдайы, НКВД жазалаушы органдарының жүргізген саясатын, басқа да лагерь қызметіне қатысты тұжырым жасалған.
Безымянлаг тұтқындарының саны (1942-1946)
Күні |
25.03.1942 |
31.12.1942 |
01.03.1943 |
01.11.1943 |
01.10.1944 |
01.05.1945 |
01.03.1946 |
Саны |
51113 |
29811 |
23161 |
6135 |
7169 |
10680 |
5840 |
Безымянлагта қайтыс болғандарының саны (1940-1945)
Жыл |
1940 |
1941 |
1942 |
1943 |
1944 |
1945 |
Барлығы |
Қайтыс болғандар саны |
312 |
4923 |
5687 |
1778 |
91 |
107 |
12898 |
Кестеде көрсетілгендей, 1941 жылы лагерь құрылымы 8 аудан, 22 участоктен құралған. Функционалдық қызметі 6 өндірістік салаға бөлінген. Лагерде қылмысы үшін сотталған тұтқындардан басқа, әскери тұтқындар мен саяси қылмысы үшін қамалған тұтқындар еңбекпен түзеу лагерінде түрлі ауыр қызметтерді атқарған.
Сонымен, Батыс Қазақстан облысы мен Самара облысы шектескен аумағында орналасқан БЕЗЫМЯНЛАГ -1940 жылы құрылған. 1940 жылдың соңына қарай мәжбүрлі еңбек лагері Куйбышев фабрикаларының құрылысына арналған лагерлер әкімшілігі болып өзгертілді.
1941 жылдан 1946 жылға дейін кәсіпорын: КСРО НКВД Безымянск лагерлерінің дирекциясы болды.
Безымянлаг –лагерлер желісінің БҚО бойынша бірнеше лагерлік бөлімшелері жұмыс жасаған.
Жылдар бойынша Безымянлаг тұтқындарының саны:
1941 жылдың қаңтарында-42 903 адам
1941 жылы шілдеде-91 211 адам
1942 жылдың қаңтарында-81 278 адам
1943 жылдың қаңтарында-29 811 адам (оның ішінде 1475 әйел)
1944 жылдың қаңтарында-5990 адам
1944 жылы шілдеде-8583 адам 1945 жылдың қаңтарында-7122 адам
1946 жылдың қаңтарында-5963 адам
Статистикалық материалдар Самара облыстық мемлекеттік архивінің ресми сайтынан алынған.
Особострой-Безымянлаг
https://историческая-самара.рф/каталог/самара-лагерная/особстрой-безымянлаг.html
Фото, видео, архив құжаттары