Орналасуы
БҚО, Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылының оңтүстік батыс бетінде 5 шақырым жерде орналасқан.
Шаруашылық түрі
Сахинлагта жазасын өтеушілердің негізгі жұмыстары Еділ-Жайық (Волга-Урал) өзендері аралығында кеме жүретін канал салуға жұмылдырылған. Канал қазу жұмысы Сайхын ауылының солтүстігіндегі Сатан көлі арқылы өтіп, құрылыс жұмыстарын 1960 жылы аяқтау көзделген.
Жалпы сипаттама / тарихы
Сайхын ауылының жанында саяси-тұтқындар лагері болған. Сол лагерде қызмет жасап, саяси қуғын-сүргіннің куәгері болған Сайқындық Надежда Сақауова лагердегі цензурада (хаттарды тексеретін бөлімінде), Шоңайлық Құбаш Қуанов (бұл күнде Орал қаласында тұрады) есепші болып қызмет атқарған. Сол куәгерлердің айтуы бойынша Сайхын ауылының оңтүстік батыс бетінде 5 шақырым жерде орналасқан бұл лагер 1943-1953 жылдар аралығында жұмыс жасаған. Лагерде «саяси сенімсіздер» мен «соғыс тұтқындары» қамалған. Тұтқындардың ұлттық құрамы әр түрлі: қазақ, орыс, өзбек, т.б. Лагердегі жазаларын өтеушілердің арасында «бандерашылар» деп аталған Степан Бандераның «Украинаны азат ету армиясының жасақтары» да көп болған. Аталған куәгерлердің айтуы бойынша Сайхинлагта жазасын өтеушілерге жасаған әр түрлі қара жұмыстар үшін азын-шоғын жалақы төлеген. Тек жалақылары тұтқындардың қолына берілмей, олардың есепшоттарына аударылған. Лагердегі «бандерашылар» деп аталғандар өздерін украин ұлтшылдары екенін, кеңес үкіметін мойындамайтынын ашық мәлімдеген.
Лагерь арнайы жоспарлы түрде салынған. Онда монша, асхана, наубайхана, погреб (жертөле қойма), кеңсе үйлері (конторалар), тұтқындар жататын барактар, солдаттардың казармасы мен арнайы клубтары болған. Сайхинлагта тұтқындарды бақылаушы 50 шақты офицерлер мен жүзден астам солдат қойылған. Лагерь бастығы полковник Василий Сергеевич Лебедь.
Сахинлагта жазасын өтеушілердің негізгі жұмыстары Еділ-Жайық (Волга-Урал) өзендері аралығында кеме жүретін канал салуға жұмылдырылған. Канал қазу жұмысы Сайхын ауылының солтүстігіндегі Сатан көлі арқылы өтіп, құрылыс жұмыстарын 1960 жылы аяқтау көзделген. Алайда, көп ұзамай 1953 жылы И.В.Сталин қайтыс болып, Н.Хрущевтің «жылымық» кезеңінде лагерлер таратылады да, канал жұмыстарыда тоқтатылған. Ал лагердің әкімшілігі мен «саяси тұтқындар», «аса ауыр қылмыс жасағандар» Ортаңғы Ахтобаға, кейбір деректер бойынша Украинаның Киев қаласына көшірілген. Лагерь көшірілгеннен кейін ғимараттар, барактар бос қалып, қабырғалары қиратылып, кірпіштері мен ағаштары Сайхынға тасылған, құрылысқа пайдаланылған. Сайхинлагтың және 3513 Каспий Еңбекпен түзету лагерінің тұтқындарының күшімен Махачкала-Астрахань-Сайхын бағытында мұнай айдау құбыры салынған. Бұл ауқымды құрылыс жұмысы 1943 жылдың 23 наурызында басталып, 1946 жылдың 7 қыркүйегінде аяқталған.
Фото, видео, архив құжаттары