Орналасуы
БҚО, Орал қаласындағы орталық қалалық түрме жанында
Шаруашылық түрі
Жалпы сипаттама / тарихы
АЛЖИР жүйесінің Оралдағы бөлімшесі Орал қаласындағы орталық қалалық түрме жанында қызмет жасады. Бұл лагерлер 1937 жылғы 15 тамыздағы КСРО-ның ІІХК-ның № 00486 бұйрығы Отанын сатқандардың отбасы мүшелеріне қарсы жаппай қуғын-сүргінді бастауға мұрындық болды. Оларға ең алдымен саяси айып тағылғандардың әйелдерінің кінәсін еш дәлелдемей-ақ қамауға алуға және лагерлерге жіберуге құқық берді. Қысқа мерзім ішінде бас-аяғы бірнеше ай барысында барлық «Отанын сатқандардың» әйелдері қамауға алынып, 5-8 жыл мерзімге сотталып, ЕТЛ-не жіберілді.
Алжир лагерінің желісіндегі Орал түрмесінде БҚО бойынша 3 мыңнан-5 мыңға жуық саяси тұтқындалғандардың ісі бойынша тергеуге алынған отбасы мүшелері, «Халық жауларының» отбасы-әйелдерімен балалары, олардың тумалары т.б көптеген белгілі адамдардың әйелдері тергеліп, қамауда отырған. Сонымен бірге Ресейдің барлық жерінен түрлі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері де болды.
Фото, видео, архив құжаттары