Орналасуы
Теректі ауданының Придорожный поселкесінде орналасқан
Шаруашылық түрі
Ауыл шаруашылық
Жалпы сипаттама / тарихы
Теректі ауданының Придорожный поселкесінде орналасқан ИТК №12 лагерь
Лагердің жұмыс жасау уақыты: 1930 жылдардың соңы -1953 жылға дейін.
Құжаттардағы 1949 жылы 25 қыркүйектегі лагерь тұтқындарының контингенті:
1949 ж, 25 маусымдағы мағлұматтар бойынша |
1949 ж., ІІІ кварталда лагерге әкелінгендер |
1949 ж, ІІІ кварталда лагерден кеткендер |
1949 ж, 25 қыркүйектегі мағлұматтар бойынша |
Ерлер-836 Әйелдер-222 Барлығы- 1058 адам |
Ерлер-193 Әйелдер -28 Барлығы - 221 |
Ерлер-126 Әйелдер -23 Барлығы - 149 |
Ерлер-903 Әйелдер -227 Барлығы - 1130 |
1949 жылы 25 қыркүйектегі лагерь тұтқындарының категориялары бойынша саны:
І категория – 247 адам;
ІІ категория – 555 адам;
Мүгедектер – 325 адам. (ОА ЗКО Фонд-1582, опись-1, дело №3, л-21-22).
Ал, 1949 жылғы 26-29 желтоқсанда БҚО прокурордың көмекшісі Акчуриннің қатысуымен тексеріс өткізіліп НКВД-ға тапсырылған мағлұматтар бойынша:
Жеке лагерлік пунктінің 4 учаскесі бар: №1 орталық учаскесі Орал қаласында орналасқан, № 1 учаскеден № 2 учаскесі 8 километр қашықтықта, №3 учаскесі қаладан 3-4 километр қашықтықта; №4 учаске (ОЛП негізгі өндірістік учаскесі) Орал қаласынан 80-90 километр қашықтықта Теректі ауданы аумағында орналасқан.
І. Еңбекке жарамдылық категориясы бойынша:
Бірінші категория-178 адам, 19,7 %
Екінші категория-461 адам, 50,37 %
Мүгедектер – 267 адам, 29,5 %
№ № |
Бөлімшелер атауы |
Орны |
Басшылықтан арақашықтықотдела |
Байланыс жолы |
Қол жетімділігізаключенных чел. |
Тұрғын үй ғимараттарының түрлері |
11 |
Бөлімше №1 |
Орал қаласы |
2760 |
Авто-гуж транспорт |
262 |
Саман балшық қаптамалар |
22 |
Бөлімше №2 |
Орал қаласы - қала маңы |
2770 |
148 |
||
33 |
Бөлімше №3 |
Орал қаласы - қала маңы |
2770 |
336 |
||
44 |
Бөлімше №4 |
Придорожный поселкасы, Теректі ауданы БҚО |
2760 |
170 |
ОА ЗКО Фонд-1582, опись-1, дело №3, л-41
1949 жылы 25 қыркүйектегі жалпы мағлұматтар бойынша №12 Жеке лагерлік бөлімшенің базасы 873 кв.метр өзінің аумағы және 376 кв.метр жалға алынған №17 шаруашылық мекемесінің аумағын қамтыған. Барлығы лагерлік бөлімшеде 1249 кв. метр, ал адам басына шаққанда 1,14 кв метр аумақ тіркелген.
Ауыл шаруашылық негіздегі лагерлік бөлімше төмендегідей құрамда жасақталған:
а/ Лагердің Орталық усадбасы облыс орталығы Орал қаласынан 90 км жерде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына қарасты Придорожный поселкасында орналасқан.
б/ №2 Көбенсайдағы ауыл шаруашылық учаскесі Орал қаласынан 85 км жерде, лагердің орталық усадбасынан 16 км қашықтықта орналасқан.
в/ Қалалық лагерлік пункт Орал қаласының шеткі ауданында орналасқан.
Лагерлік бөлімше 15 022 гектар жерді алып жатыр, оның ішінде:
а/ Орталық (бірінші) учаскеде жалпы ауданы 1260 га 9 далалық бір ауыспалы егіс және ауданы 286 га бір прифермдік 7 далалық ауыспалы егістігі бар.
Сонымен қатар, жалпы ауданы 97,3 га құрайтын көкөніс өсіретін жер учаскесі бар. Барлық егістік жер 1643,3 га аумақты алып жатыр.
б/ 1950 жылдың аяғында ашылған және салынған №2 Кубенсай учаскесінде ауданы 909 га болатын бір далалық 9 толық ауыспалы егістік және ауданы 139 га болатын бір прифермдік 7 далалық ауыспалы егістік бар.
№2 Көбенсай учаскесі бойынша егістікке жарамды жердің барлығы 1015 га. Осылайша, №12 жеке лагерлік пунктке қарасты егістік жердің жалпы көлемі барлығы – 2688,3 га.
Барлық мақсатты тың жерлерді игеру жұмыстары 1948-1951 жылдар аралығын қамтиды. (ОА ЗКО Фонд-1582, опись-1, дело №9, л-2).
№1,2,3,4 бөлімшелер қабырғасы саман тастардан қаланған ғимараттардан тұрады. Ғимараттарды қоршаған аулалар 4 қатардан тізілген тікенек сымдармен (колючая проволока) өрілген. Электр жарығы тек №1 және 3-ші бөлімшелерде бар. Ал №2 және №4 учаскалар керосинмен жарықтандырылады. Тұтқын әйелдер №2 учаскаға шоғырландырылған. Бұдан басқа, №4 бөлімшеде ер адамдардан оқшауланған казармада ұсталатын сауыншы әйелдерде бар.
Әскери гвардия батальоны 1949 жылдың 25 қыркүйегіндегі деректер бойынша төрт бөлімшеде де тұрақты орналасқан. Оның жеке құрамының жалпы саны:
1/Офицерлер ...............3 адам.
2/ Сержанттар құрамы.....18 адам.
3/ Ефрейторлар ........19 адам
4/ Атқыштар ............47 адам.
5/ Қорғау күзеті .............7 адам.
Барлығы - 94 адам.
Оның ішінде бақылау құрамы - 11 адам.
Тұтқындардың еңбегін пайдалану бойынша 1-6 қазандағы ІІІ кварталдағы жағдай:
Топтық жіктелуі бойынша
Топ |
Адам саны |
Еңбек қызметіндегі % көрсеткіш |
«А» |
770 |
87,6 |
«Б» |
83 |
9,3 |
«В» |
19 |
2,3 |
«Г» |
7 |
0,8 |
Баланстан тыс контингент -194. ( ОА ЗКО Фонд-1582, опись-1, дело №3, л-21-22).
Статьялық белгiсi бойынша ұсталатындардың саны: 58-10 бап бойынша-55 адам, 1947 жылғы 4 маусым жарлығы бойынша - 299, 1932 жылғы – 7 тамыз қаулысы бойынша- 56, 107 баппен-96, 166 баппен -23, 1940 жылғы 26 маусым жарлығы бойынша -28, РСФСР ҚК басқа баптары бойынша – 349 адам тұтқынды құрайды. РКФСР ҚК 59 - 3/бандитизм/ және 82 мен 58-14 баптармен тұтқындалғандар жоқ.
Сонымен қатар, бұған дейін лагердің барлық құжаттары мен есептері НКВД-ға ГУЛАГ-тың бас басқармасына тапсырылса, осы аталған құжаттан 1951 жылдан бастап лагерлердің есебі МВД-ға яғни Ішкі істер министрлігіне жолданғанын көреміз. Лагердің есебі бойынша 1951 жылы тұтқындар үш лагерлік бөлімшеге орналасқан, олардың жалпы саны орташа есеппен – 797 адамды құрады. Тұтқындар негізінен бау-бақша өсіру, мал шаруашылығы жұмыстары мен қатар жұмыс күшін қажет ететін мекемелермен келісім –шарт негізінде қызмет көрсеткен.
Осылайша, қуғын-сүргін жылдарындағы КСРО НКВД-ның мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерлерінде тұтқындарды ұстау жағдайлары өте ауыр болды, көптеген әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер ешқашан шешілмеді. Соған қарамастан, мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерлерінің тұтқындары облыстың ауыл шаруашылық және қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруға баға жетпес үлес қосты, өндірісті тез қалпына келтіруді қамтамасыз етті және сол арқылы мемлекеттің экономикасын арттыруға үлкен үлес қосты.
Қазіргі кезде Оралдағы ИТК немесе Жеке лагерлік пункт №12 деп аталған жазалау мекемесі туралы жан-жақты зерттеу жұмыстары жергілікті лагер орналасқан ауылдар аумағында да жүргізілді. Әсіресе, БҚО Теректі ауданындағы Придорожный ауылының тұрғындарымен кездесіп, сұхбат жүргізілді.
Фото, видео, архив құжаттары