37. Айшуақов Сүйінішқали (1878-1937) – Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Шілік ауылында туған. Ірі бай, хазіреттің баласы. Өзі 4 мәрте Мекке-Мединеге қажыға барған. 1929 жылы бай ретінде даусы алынған, өзі сот астында болған. Белсенді діндәр. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).
Айшуақов Сүйінішқали
- Аты-жөні: Айшуақов Сүйінішқали
- Туған жері (ескі): Шыңғырлау ауданы
- Туған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Шілік ауылы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Шілік ауылы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған