46. Алдабергенов Күрең (1900-1937) – молда, діни білімді, Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы №1 ауылда туған, қазақ. Дендер болысы №4 ауыл мешітінде молда болып жүрген кезінде 1927 жылғы сайлау уақытында дауысынан айырылған (БҚОМА, №249 қор, №1 тізім, №51 іс, «Материалы на лиц лишенных прав (араб. шрифт)»); 1937 жылы 14 қазанда Тайпақ аудандық НКВД органы тұтқындаған, сол кезде осы ауылда молда болған.РСФСР ҚК-ның 58-10 бабы бойынша айыпталып, 1937 жылы 15 қарашада БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен. 16 қарашада атылған. Орал облыстық прокуратурасының 1989 жылы 26 көкектегі қорытындысымен ақталған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)
Алдабергенов Күрең
- Аты-жөні: Алдабергенов Күрең
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы №1 ауыл
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Дендер болысы №4 ауыл
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: молда
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: .РСФСР ҚК-ның 58-10 бабы
- Дереккөз (құжат): (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)