- Аты-жөні:
Ахметжанов Қайырша
- Туған жері (ескі):
Ақжайық ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері:
Орал облысы
- Ұлты:
Қазақ
- Діні:
Ислам
- Діни лауазымы:
мұхтасиб, қазы
- Қосымша ақпарат:
. 1917 жылғы 19-22 сәуірде Оралда өткен облыстық қазақ сиезінде хатшылық қызмет атқарып, Орал облысы атынан Бүкілресейлік мұсылман сиезіне делегат болып сайланған. Орал облысының Далалық бөлігін басқарудың уақытша ережесін жасауға қатысқан. 1917 жылы мамырда Мәскеуде жалпымұсылман сиезіне қатысып, жалпықазақ сиезін құруды қолдаған. Сиезде Орал облысынан қазылыққа сайланған оның кандидатурасын дұрыс деп тапқан. ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылып, қатысқан. (С.Смағұлова, «Алаш. Алашорда» энциклопедия, Алматы, «Арыс», 2009). 1920 жылдың басында Алашорданың Батыс бөлімшесі таратылып, совет үкіметіне берілген кезде Орал облысынан сенімді күзетпен Орынборға жеткізу ұсынылған Алаш белсенділерінің тізімінде Қ. Ахметжанов бар (БҚОМА, №П-1 қор, №1 тізбе, №62 іс, А.Әйтиевтің жеделхаты); Қ.Ахметжанов Қуанай Қосдәулетов бастаған контрреволю-циялық, панисламистік, бүлікшіл топтың белсенді мүшесі ретінде де айтылады
- Дереккөз (құжат):
(БҚОМА, №П-1 қор, №1 тізбе, №62 іс, А.Әйтиевтің жеделхаты)
70. Ахметжанов Қайырша (т.ж.б.-ө.ж.б.) – мұхтасиб, қазы, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі. 1917 жылғы 19-22 сәуірде Оралда өткен облыстық қазақ сиезінде хатшылық қызмет атқарып, Орал облысы атынан Бүкілресейлік мұсылман сиезіне делегат болып сайланған. Орал облысының Далалық бөлігін басқарудың уақытша ережесін жасауға қатысқан. 1917 жылы мамырда Мәскеуде жалпымұсылман сиезіне қатысып, жалпықазақ сиезін құруды қолдаған. Сиезде Орал облысынан қазылыққа сайланған оның кандидатурасын дұрыс деп тапқан. ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылып, қатысқан. (С.Смағұлова, «Алаш. Алашорда» энциклопедия, Алматы, «Арыс», 2009). 1920 жылдың басында Алашорданың Батыс бөлімшесі таратылып, совет үкіметіне берілген кезде Орал облысынан сенімді күзетпен Орынборға жеткізу ұсынылған Алаш белсенділерінің тізімінде Қ. Ахметжанов бар (БҚОМА, №П-1 қор, №1 тізбе, №62 іс, А.Әйтиевтің жеделхаты); Қ.Ахметжанов Қуанай Қосдәулетов бастаған контрреволю-циялық, панисламистік, бүлікшіл топтың белсенді мүшесі ретінде де айтылады (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақтаулы). Кейінгі тағдыры белгісіз.