102. Байғұлов Ғатауолла (1867-1937) – имам, молданың баласы, бұрынғы Жаңақала уезінен, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); хазірет, мешіт ұстап, шәкірт тәрбиелеген дін қайраткері. 1937 жылы 22 маусымда «Мұхтасиб Нығметолла Ибрагимовтің контрреволюциялық, антисоветтік діншіл-байшыл ұйымының мүшесі» ретінде Атырау қаласында тұтқындалған. Оған РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен. 1989 жылы 16 қаңтарда БҚО прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі Атырау облыстық ІІД арнайы архивінде сақталған)
Байғұлов Ғатауолла
- Аты-жөні: Байғұлов Ғатауолла
- Туған жері (ескі): Жаңақала ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Атырау қаласы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: имам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Конст 65-бабы және ҚазОАК тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы. Оған РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен
- Дереккөз (құжат): (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)